Жамбыл облысында полицейлер жол үстінде жүкті әйелді босандырып алды
Жамбыл облысының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Алматы-Ташкент тас жолында жүкті әйелді босандырып алды.
09:19 04.08.2019
Бұл туралы Жамбыл облысы Полиция департаментi бастығының ресми парақшасында жарияланған. 2 тамыз күні ерлі-зайыпты Қордайдағы перзентханаға бара жатқан. Кенет «Алматы-Ташкент» көшесінің 183-ші километрінде көлік бұзылып, жол шетіне тоқтайды.
Оларды байқаған күзет полициясының аға лейтенанттары Т. Сейімбетов пен Б. Наурызбаевтар ерлі-зайыптыны көлікке отырғызып, перзентханаға қарай бет алады. Жолда әйелдің толғағы қысып, оны полицейлер босандырып алады. Нәтижесінде полиция қызметкерлерінің көмегімен қызметтік көліктің салонында ер бала дүниеге келді. Көп ұзамай жедел жәрдем бригадасы келіп, ана мен баланы перзентханаға жеткізді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!