{metadescription}
Қазақстандық спортшылар Варшавадағы турнирден 6 медаль алды

Қазақстандық спортшылар Варшавадағы турнирден 6 медаль алды

Варшавада еркін күрестен Вацлав Циолковскийді еске алуға арналған халықаралық турнир өтіп жатыр.

Екі жарыс күнінен соң Қазақстан қоржынында бір алтын, үш күміс және екі қола медаль бар деп жазады Olympic.kz.  97 келіде белдескен Әлішер Ерғали турнирдің алтын жүлдегері атанса, 57 келідегі Нұрислам Санаев ресейлік балуанға есе жіберіп, күмісті қанағат тұтты. 

92 келідегі Нұрғали Нұрғайыпұлы финалда туркиялық Сүлейман Караденизге есе жіберді.  Расул Қалиев (61 келі) пен Ералы Әбдірашев (92 келі) қола жүлдегер қатарында.  Екінші жарыс күнінде белдескен спортшылар арасынан 70 келідегі Нұрғожа Қайпанов қана финалға өтті. 

65 келідегі Дәулет Ниязбеков пен Саятбек Оқасов, 86 келідегі Азамат Дәулембаев, 125 келідегі Юсуп Батырмырзаев пен Олег Болтиндер жұбаныш белдесуінде сынға түседі.  Өкінішке қарай, Азия чемпионы Данияр Қайсанов пен 86 келіде белдескен Азамат Дәулетбековтер бірінші кезеңде ұтылып қалды.   
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде