Қазақстанда екі жер сілкінісі тіркелді
ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 4 тамыз күні Алматы уақытымен 18 сағат 41 50 секундта минутта жер сілкінісін тіркеді.
08:08 05.08.2019
Зілзаланың ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 259 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан.
Энергетикалық санаты - 9.2. MPV магнитудасы - 3.9. Тереңдігі - 10 км. Эпицентр бағыты 44.70° с.ш. 79.39° ш.б. Сезілгені туралы мәлімет (МSК-64 шкаласы бойынша): жоқ.
Сондай-ақ, Алматы уақытымен 19 сағат 15 минут 29 секундта тағы бір жер сілкінісі болды. Оның ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 262 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан.
Энергетикалық санаты - 8.8. MPV магнитудасы - 3.5. Тереңдігі - 10 км. Сезілгені туралы мәлімет (МSК-64 шкаласы бойынша): жоқ.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!