Танымал ресейлік әнші қайтыс болды
Ресейлік әнші әрі композитор Вилли Токарев қайтыс болды.
08:40 05.08.2019
"Әртістің неден қайтыс болғаны хабарланған жоқ. Марқұммен қоштасу рәсімінің күні мен уақыты кейінірек белгілі болады", - деп хабарлады агенттік.
Мамыр айында БАҚ-та Токаревтің ауруханада жатқаны туралы жазылды. Вилли Токарев деген атпен белгілі Вилен Иванович Токарев 1934 жылдың 11 қарашасында қазіргі Адыгей Республикасында дүниеге келген. Оның арғы тегі – Кубань казактары.
Ата-анасы Владимир Ильич Лениннің құрметіне Вилен деген ат қойыпты. 1974 жылы Токарев КСРО-дан АҚШ-қа қоныс аударды. 1981 жылы "В шумном балагане" альбомын шығарды. Тоқсаныншы жылдары Токарев Ресейге оралды. Әсіресе, "Небоскребы", "Журавли", "А жизнь всегда прекрасна" әндерімен көпшілікке танымал.
Дереккөз: Sputniknews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!