{metadescription}
«АН-2» ұшағы апатқа ұшырап, ұшқыш қаза тапты

«АН-2» ұшағы апатқа ұшырап, ұшқыш қаза тапты

4 тамыз күні Тәжікстан Республикасы Қорғанысқа жәрдемдесу қоғамдық ұйымының «Ан-2» оқу-жаттығу ұшағы құлады.

1978 жылы шығарылған ұшақ Тәжікстан Қорғаныс министрлігінің «Фахрабад» оқу-жаттығу полигонында жоспарлы ұшуларды орындау кезінде техникалық себептерге байланысты апатқа ұшыраған. Бұл туралы Тәжікстанның Ұлттық ақпарат агенттігі хабарлайды.

Апат салдарынан 1951 жылы туған ұшқыш қаза тауып, 1991 жылы туған екінші ұшқыш дене жарақаттарын алып, ауруханаға жеткізілген. Тәжікстан Республикасының мемлекеттік ұлттық тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғап, заңнамаға сәйкес шаралар жүргізуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде