«Тальгода» зорланған келіншек қазақстандықтарға үндеу жасады
«Тұлпар-Тальго» пойызының жолсеріктерінен зорлық көрген ақтөбелік бойжеткен қазақстандықтарға және ел басшылығына үндеу жариялады.
11:58 05.08.2019
Үндеу мәтіні «НеМолчиKZ» қоғамдық қорының Facebook-тегі парақшасында жарияланды
«Құрметті қазақстандықтар, Тальгода зорланған қыз ретінде сіздерге үндеу жазып отырмын. Барлығыңызға алғысымды білдіремін. БАҚ жазылып жатқан барлық жаңалықтарды оқыдым. Сіздердің қолдауларыңызбен бұл іс жабулы қалмады. Елімізде ешқандай бала немесе әйел атаулылар зорлыққа тап болмаса екен деп тілеймін. Өйткені мен басымнан сұмдық жайтты өткердім. Ешқашан осындайға тап боламын деп ойламаппын» - деп алғысымен қатар, қолдаушыларға тілегін жеткізді ол.
Келіншек әлі күнге дейін өз-өзіне келе алмай жүргенін айтты. Ол өмірінің күл-талқаны шыққанын және үрейі басым екенін де жеткізді.
«Мен бірнеше жыл бойы өзімнің жеке қауіпсіз әлемімді құрдым, көп оқыдым, бірнеше елде болдым,түрлі мәдениетті көрдім және асқан сүйіспеншілікпен еліме оралып жүрдім. Мен өз елімде, үйімде қорғауда жүргеніме сендім. Бірақ, әрқайсымыз кез келген сәтте, кез келген жерде мұндай жағдайға тап болатынына көзім жетті. Сол түннен асқан қорқынышты нәрсенің болмайтынын білгендеймін, сол минуттарда әлем құрып кеткендей көрінді. Алайда, содан кейін мен тергеу және сот кезінде өту керек болатын қорқынышты сынақтарға тап болдым. Маған тап болған моральдық зорлық-зомбылық пен кемсітуді қайта зорлаумен салыстыруға болады. Маған күдіктілер тарапындағы «қолдау тобының», сот пен тергеудің қысымына қарсы тұру оңай болған жоқ. Мен ең қорқынышты күндердің артта қалғанына қуаныштымын және мұндай жағдай ешкімнің басына түспегенін қалаймын!» - деп жазды жәбірленуші.
Сондай-ақ, ол ел басшылығына зорлық-зомбылық жасағандарға жазалауды қатаңдату бойынша шаралар қолдануға өтініш білдірді.
«Ел басшылығы мен ҚР Парламентінің депутаттарына жыныстық зорлықшыларға жазаны қатаңдату, құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін бірыңғай іс-қимыл алгоритмін жасау туралы өтініш білдіремін», - деп түйіндеді бойжеткен.
Еске салсақ, ғылыми конференциядан қайтып келе жатқан бойжеткенді «Тальго» пойызында зорлады деген күдік бойынша екі жолсерікке қатысты қылмыстық іс сотқа жетті. 26 шілдеде жолсеріктерге қатысты сот үкімі шықты. Оларды 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылданған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!