{metadescription}
Қазақ балуаны кадеттер арасында әлем чемпионы атанды

Қазақ балуаны кадеттер арасында әлем чемпионы атанды

Болгарияның София қаласында өтіп жатқан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Саматбек Ізімғали алтын жүлдегер атанды.

29 шілде – 4 тамыз күндері аралығында өткен байрақты бәсекеде грек-рим күресінен 45 келі салмақ дәрежесінде белдескен Саматбек Ізімғали қарсылас шақ келтірмеді. Алғашқы айналымда отандасымыз Еуропа чемпионы, әзербайжан балуаны Фарид Садихлиді 15:4 есебімен тас-талқан етіп, артынша үнді спортшысы Харштан (9:0) айласын асырды. Жартылай финалда иран балуаны Махди Ахади Зенабаны (7:0) жеңіп, aл финалда өзбекстандық қарсыласы Асадбек Бахромовты 4:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңді. 

Бұған дейін Саматбек Ізімғали Нұр-Сұлтан қаласында өткен Азия чемпионатында топ жарған еді. Осылайша әлем чемпионатында грек-рим шеберлері үш жүлде алды. Ербол Камалиев пен Мақсат Сайлау үздік үштіктен көрінген болатын. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде