Шымкентте дүкендегі садақа салатын екі жәшіктен ақша ұрланды
Шымкентте дүкеннің бірінде садақа салатын жәшіктерден ақша ұрланды.
16:20 05.08.2019
Бұл оқиға 29 шілде күні орын алған. Түнде белгісіз біреу дүкеннің қабырғасын бұзып кіріп, 70-ке жуық темекі, кассасынан ақша алған. Сондай-ақ, садақа салатын 2 жәшіктегі ақшаны ұрлап кеткен. Сөйтіп ұры дүкен иесіне 50 мың теңгеден астам сомада материалдық шығын келтірген.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полицейлер күдіктіні анықтап, Еңбекші ауданының полиция басқармасына жеткізілді. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚК 188-бабы 2-бөлігімен «Ұрлық» сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Дереккөз: stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!