Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер 6-8 тамыз аралығына ауа райы болжамын жасады.
18:04 05.08.2019
"Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауып, жел тұрады, дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін", - делінген хабарламада.
Синоптиктердің болжамына сүйенсек, республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз, 35…42°С аптап ыстық болады.
"Иран аумағынан келетін жылы ауа массаларының әсерінен батыс және солтүстік-батыс өңірлерден басқа жақта 6 тамызда аптап ыстық болады", - деп ескертті Қазгидромет.
Содан кейін Мурманск аймағынан салқын ауа ағыны келіп, еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында ауа температурасы күндіз 20-25 градусқа дейін біртіндеп төмендейді, кей жерлерде 30 градус болуы мүмкін, деп болжайды синоптиктер.
Ірі қалалардағы ауа райы
6 тамызда Нұр-Сұлтанда түнде ауа температурасы 20 градус жылы болса, күндіз 32 градус ыстық болмақ, тіпті 36 градусқа дейін жоғарылайды, деп ескертті Қазгидромет. Алматыда түнде +25 градус болса, күндіз – 36 градус аптап ыстық. Шымкентте түнде – 28 градус, күндіз 40 градус аптап ыстық болады.
7 тамызда елордада ауа температурасы түнде 23 градус нөлден жоғары болса, күндіз 29 градус ыстық болмақ. Алматыда түнде +25 градус, күндіз +36 градус ыстық. Шымкентте түнде +30 градус, күндіз 40 градус аптап ыстық болады.
8 тамызда Нұр-Сұлтанда түнде 17 градус, күндіз 25 градус нөлден жоғары болады. Алматыда түнде плюс 24 градус, күндіз 36 градус аптап ыстық. Шымкентте түнде 30 градус, күндіз 40 градус аптап ыстық.
Дереккөз: Қазгидромет
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!