{metadescription}
Ақтауда дәмханадағы атыстан екі адам жараланды

Ақтауда дәмханадағы атыстан екі адам жараланды

Ақтау қаласында дәмханаға келушілер арасындағы жанжал соңы атысқа ұласты, 2 адам жараланды.

Атыста зардап шеккен 2 жігіт жедел ауруханаға жеткізілген. Олардың айтуынша, сөзге келіспеушілік соңы атысқа ұласқан.

«Бірі 1993 жылғы. Оның аяғына оқ тисе, екіншісі 1992 жылғы. Оның сол жақ білегіне оқ тиген. Алғашқы көмек көрсетілген соң, екеуі де амбулаторлық емдеуге жіберілді», - деп хабарлады Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Аталған дерекке қатысты «бұзақылық» бойынша іс қозғалған. «Полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады. ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, 3-бөлігі бойынша іс қозғалды», - дейді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Осы іске қатысы бар күдікті ұсталып, соттың санкциясымен 2 айға қамауға алынған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде