Алматы облысында өрттен 3 адам қаза тапты
Алматы облысында тауда өртті сөндіру кезінде үш адам қаза болды.
10:23 06.08.2019
Олардың бірі - Жаркент орман шаруашылығы мекемесінің қызметкері, екеуі - өрт сөндіруге көмектескен жергілікті тұрғын. Трагедия 5 тамыз күні Панфилов ауданының Талдын ауылдық округі аумағында болды.
«3 адам қаза болды. Тағы 7 адам ауруханаға жеткізілді. Біреуінің аяғы сынған. Ал қалған алтауы түрлі күйік жарақаттарын алған. Бүгінде 4 адам амбулаторлық ем қабылдау үшін үйлеріне қайтарылды, екеуі - ауруханада. Қайғылы жағдай кеше, күндізгі сағат 13:00 шамасында болды. Таудағы жайылым өртеніп, тоғайға қарай бағыт алған. Бұл адамдар соны өшірмек болғандар», - деді Панфилов ауданы әкімінің орынбасары Шухрат Құрбанов.
Қазіргі уақытта өртті сөндіру бойынша жұмыстар жалғасуда. Өрт ошақтарын оқшаулау үшін қосымша күштер мен құралдар тартылды. Оқиға орнына тағы бір «Қазавиақұтқару» тікұшағы жіберілді. Жағдай қатаң бақылауда. Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайларды жою кезінде қаза тапқан және зардап шеккендердің отбастарына көңіл айтты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!