Алматыда белгілі шоуменді ұрып кетті
Шоумен Андрей Вороширин құрбысы екеуін 1 тамыз күні таныс екі келіншек пен бір еркек соққының астына алған.
09:46 06.08.2019
Алматыда белгілі шоумен Антон Вороширинді өз пәтерінде таныстары соққыға жығып кетті. Күдіктілер оның құрбысын да ұрып-соққан. Шоуменнің айтуынша, бірінші тамызда таныс әйел хабарласып, кездескісі келеді. Алайда ол Ворошириннің үйіне жалғыз келмеген. Екатерина Антонға "мені жамандадың" деп кінә артып, қоқан-лоққы көрсетеді.
"Бізді ұрып-соқты. Органдарға хабарласақ, бізден және жақындарымыздан өш алатындарын айтты. Телефонымыз бен жеке куәлігімізді алып кетті", - дейді Вороширин.
Сондай-ақ, жәбірленушілердің алған жарақаттарының ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Қазір қылмыстық кодекстің 389-бабы "Өзінше билік ету" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
"Күдіктілердің бірі анықталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Заңға қайшы әрекеттер жасаған тағы екі қатысушы, еркек пен әйел іздестіріліп жатыр. Олар тергеуден жасырынуда", - деді полиция департаменті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!