Ресейдегі оқ-дәрілер қоймасындағы жарылыстар тоқтады
Ресейдің Краснояр өлкесіндегі әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасында жарылыстар тоқтады.
11:19 06.08.2019
«Екі сағат бұрын жарылыстар естіліп жатқан еді, қазір - жоқ. Жарылыстар тоқтады», - деп мәлім етті агенттікке Ачинск қаласы әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
РИА Новости мәліметінше, бес адам дәрігерлерге қаралғаннан кейін амбулаторлық ем қабылдауға үйіне жіберіліпті. Ауруханаға жеткізілгендердің екеуі әскери, ал біреуі өртсөндіруші. RT мәліметінше, тағы бір адам бейбіт тұрғын. Оның жағдайы орташа ауыр деп бағаланған.
Еске салайық, 5 тамыз күні Краснояр өлкесінің Ачинск ауданында артиллериялық снарядтарға арналған оқ-дәрілер қоймасынан өрт шықты. Жергілікті билік Ачинск ауданындағы маңайдағы ауылдарды көшіре бастаған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!