{metadescription}
Немересін дәрігерге апарған әжесі бір қырғынның алдын алды

Немересін дәрігерге апарған әжесі бір қырғынның алдын алды

Техастың 19 жастағы тұрғыны Уильям Патрик Уильямс жергілікті қонақ үйдің бірінде елге оқ жаудырмақшы болған, алайда араға оның әжесі кірігіп, бір қырғынның алдын алды.

Уильямс әжесіне АК-47 автоматын сатып алғанын, көпке оқ атпақ болғанын, артынан өзі полиция оғына ұшып өлетінін айтқан. Өз құлағына өзі сенбесе де әжесі немересін ауруханаға сүйрегендей апарып, дәрігерге қаралуға көндірген. Ол дәрігер қабылдауында отырғанда әжесі полицияға қоңырау шалған.

Уильямс ауруханада көп уақыт өткізген жоқ, артынша іле-шала қамауға алынды. Онда да қару сатып алу кезінде жалған ақпарат бергені үшін. Қағазға ол мекен-жайын өтірік жазған. Осы үшін ол бес жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Полиция қонақ үйден оның броньдаған бөлмесіне тінту жүргізіп, АК-47 автоматын, патрондар, пышақ пен қара киім тапты.

Дереккөз: zakon.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде