Өскеменде ит бауыздаушылар пайда болды
Өскеменде 112 қызметіне ерекше қоңырау түсті.
12:53 06.08.2019
Қоңырау шалғандар шала бауыздалған ит табылғанын айтқан. Мұндай оқиға биыл екінші рет қайталанып отыр. Қаңтар айында да әлдекімдердің овчарка тұқымды итті тамақтап жібергені анықталып еді. Алайда олардың мақсаты қандай болғаны белгісіз.
Екінші жағдай, міне, енді ғана болды. Қаланың қақ ортасында Карбышев көшесінің бойында қансырап жатыпты. Куә адам дереу 112-ге хабарлаған, ал төтенше жағдай қызметкерлері оны жануарлар қорғаушысы Лариса Прокопьеваға бағыттаған.
– Иттің жарасы енді 5 милиметрдей терең болса, құтқара алмас едік. Қуанышқа орай, ота сәтті жасалды, – дейді «Дворянин» жан-жануарлар құқығын қорғаушы қоғамдық қорының жетекшісі.
Дереккөз: Алтайньюс
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!