{metadescription}
Елордадa ер адам терезеден секіріп мерт болды

Елордадa ер адам терезеден секіріп мерт болды

Елорда тұрғыны отбасылық кикілжіңнен кейін 6-қабаттан секіріп кетті.

31 жастағы ер адам отбасылық жанжалдан кейін көпқабатты үйдің 6-қабатынан секіріп кетіп, мерт болды. Көпқабатты үйден ер адамның құлау фактісіне қатысты елордалық Полиция департаменті түсініктеме берді.

«Оқиға кеше кешке Е-30 көшесі бойында тұрғын үйлердің бірінде орын алды. Тексеру барысында анықталғандай, 31 жастағы қала тұрғыны отбасылық кикілжіңнен кейін тұрғын үйдің 6 қабатынан секіріп, қаза тапты. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде», - деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.