Оралда қатты дауылдан адамдар зардап шекті
Оралдағы жойқын дауылдан кейін бес адам дәрігерлердің көмегіне жүгінді.
16:31 06.08.2019
«5 тамызда желдің күшеюі салдарынан сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін жедел жәрдемге төрт қоңырау түсті. Желаево ауылында шатырдың бір бөлігі шатырдан құлап, 8 жасар қыздың басына түсті. Оны Оралдағы көпсалалы ауруханаға жеткізді», - деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы.
112 нөміріне шатырдың ұшып кетіп, ағаштардың құлап жатқаны жайлы 400-ден аса хабарлама келіп түскен. Дәрігерлер 69 және 74 жастағы екі әйелдің үстіне бұтақ құлағанын айтты. Олар басынан жарақат алған. Біреуі ауруханаға жатудан бас тартса, екіншісі медициналық мекемеде ем алып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!