Әскерилер мен ішкі істер қызметкерлерінің жанжалы желіде тарап кетті
Өзбекстанның Карши ауданында әскерилер мен ішкі істер қызметкерлері жанжалдасып қалғаны туралы видео әлеуметтік желілерге тарап кетті.
17:17 06.08.2019
Uztime арнасының YouTube платформасына жүктеген видео Карши ауданының «Агора» базары маңындағы автотұрақта түсірілген, деп хабарлайды Орталық Азия жаңалықтар қызметі. «Дарё» сайтының хабарлауынша, Оңтүстік-Шығыс арнайы әскери округының офицерлеріміз деп таныстырғандар ішкі істер бөлімінің қызметкерлеріне «қысым жасаған».
Видеода әскерилер милиция қызметкеріне «арнайы формада қалада жүруге болмайды» деп ескерткен. Милиция қызметкері оған:
«Менің өз бастығым бар. Соларға жаз. Мен заң бұзсам, қызметтік тексеру болады. Тексеруді сендер жүргізбейсіңдер», - деді.
Әзірге Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі де бұл видеоға қатысты мәлімдеме жасамады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!