{metadescription}
Қарағандыда тіс дәрігері 2 жасар баланың өлімі үшін сотталды

Қарағандыда тіс дәрігері 2 жасар баланың өлімі үшін сотталды

Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық соты анестезиолог дәрігер-стоматологқа үкім шығарды 2,5 жылға бас бостандығынан айырды.

Оның инъекциясынан екі жасар бала қайтыс болған. Сотталушы 317-бабы 3-бөлігі («Абайсызда адамның өліміне әкеп соққан кәсіби міндеттерін тиісінше орындамағаны») бойынша кінәлі деп танылды. Сот оны анестезист-реаниматолог ретінде 2 жыл 6 ай мерзімге медициналық қызмет көрсету құқығынан айырып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Сотталушы жазасын ең төменгі қауіпсіздіктің қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.

Сондай-ақ, баланың ата-анасына материалдық шығын өтеу, жерлеу шығындары және сотта өкілдік ету туралы азаматтық ісі ішінара қанағаттандырылды.

«Моральдық шығын 3 млн. теңге, 566 029 теңге мөлшерінде жерлеу шығындары, адвокатқа кеткен шығындары 500 000 теңге, сонда барлығы – 4 066 029 теңге өтейді», - делінген шешімде.

Үкімді өз еркімен орындауға және мемлекеттік баж салығын төлеу үшін дәрігерге 9 қыркүйекке дейін уақыт белгіленді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде