{metadescription}
БҚО-да прокурорлар өзгенің үйінің бұрышына дәрет сындырған

БҚО-да прокурорлар өзгенің үйінің бұрышына дәрет сындырған

БҚО-да прокурорлардың ісі тексеру үстінде.

Батыс Қазақстанда біреудің үйінің бұрышына дәрет сындырған прокурорларға қатысты тексеріс басталды. Ұятты жағдайды көшеде өтіп бара жатқан куәгерлердің бірі ұялы телефонына түсіріп алған. Куәгер желіге тараған видеода дәрет сындырып тұрған прокурорлар екенін айтады. Айтуынша, Ақсай қалалық прокурорлар өзгенің үйінің бұрышына дәрет сындырып тұр. Оның телефон камерасына түсіргенін көріп, екі жігіт іш-қырын кие бастайды.

Жігіттің телефонын да тартып алмақ болған көрінеді. Соңынан қуып, балағат сөз айтқан.  Енді істі облысты прокуратура тексере бастады. 

"Бердіғалиев Ерлан қоғамдық орында дәрет сындырып тұр. Маңында балабақша мен мектеп бар. Балалар жүретін жер", - дейді видеода.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде