{metadescription}
Алматылықты түнде шулағандарға ескерту жасағаны үшін бұзақылар атып кетті

Алматылықты түнде шулағандарға ескерту жасағаны үшін бұзақылар атып кетті

Аталмыш оқиға Алматының Жетісу ауданында болған.

Алматыда жас жігіт терезесінің түбінде шулаған ер адамдарға ескерту жасаймын деп жарақат алған. Бұзақылар оған оқ атқан. Аталмыш оқиға 6 шілде күні түнде Алматының Жетісу ауданында болған. Зардап шегуші терезесінің түбінде шулаған екі адамға ескерту жасағанда сағат түнгі 3 болған.

Алайда ер азаматқа жауап ретінде екінші қабаттың терезесіне оқ атқан. Бұған қатысты пікір білдірген Алматы Полция департаменті қазіргі уақытта бұл оқиға Жетісу аудандық полиция бөлімшесімен тергеліп жатқанын атап өтті.

«Дорожник» шағынауданының 22 жастағы тұрғыны мен белігісіз тұлғалар арасында ауызша туындаған жанжалдың нәтижесінде жас жігіт ұрт тұсынан жарақат алған», - деп хабардар етті тәртіп сақшылары.

Күдіктілер болжам бойынша монтаждық-құрылыс тапаншасынан атқан болуы мүмкін. Зардап шегушінің әпкесі жедел жәрдем дер кезінде келгенін, дәрігерлер қажетті көмекті көрсеткенін хабарлады. Ал ер адамның бетінен оқ шығарылып, сараптамаға жіберілген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.