{metadescription}
Тоқаев алғаш рет Қазақстан халқына жолдау жасайды

Тоқаев алғаш рет Қазақстан халқына жолдау жасайды

Президенттің алғашқы жолдауында адам зорлау, есірткі саудасы және басқа да ауыр қылмыстар үшін жазаны қатаңдату туралы айтылады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйек күні Қазақстан халқына Жолдау жасайды. Бұл туралы президент твиттердегі аккаунтында жазды. Тоқаев Қазақстан халқына жолдауды 2 қыркүйекте жасайды.

"2 қыркүйекке жоспарланған Халыққа Жолдауымда есірткі бизнесі, педофилия, жыныстық зорлық-зомбылық және жеке тұлғаға қарсы жасалатын басқа да ауыр қылмыстарға қатысты жазалау шараларын қатаңдату жөнінде парламентке және үкіметке тапсырмалар жүктеледі", - деп жвздф мемлекет басшысы.

Айта кетсек, бұл осы жылы 9 маусымда Қазақстан президенті болып сайланған Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы жолдауы. Бұған дейін елді шамамен 30 жылдай басқарған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа 23 рет жолдау арнаған еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде