{metadescription}
Атамбаевтың үйінен қару-жарақтар тәркіленді

Атамбаевтың үйінен қару-жарақтар тәркіленді

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың үйінен атыс қаруы мен оқ-дәрінің 11 түрі тәркіленді.

8 тамыз күні құқық қорғау органдарының қызметкерлері саясаткердің Кой-Таш ауылындағы үйінен Драгунов снайперлік винтовкасын, Симонов өздігінен зарядталатын карабинін, "Капрал" тапаншасын, GM-100 маркалы екі тапанша, "Сайга" карабині, ТОЗ қосауыз мылтығы, Fabarm, Zoli және Progress қаруларын тапты, деп хабарлайды Қырғызстанның ішкі істер министрлігі.

Одан бөлек, ІІМ қызметкерлері экс-президенттің адамдары арнайы жасақ сарбаздарынан тартып алған резеңке оқтармен атылатын мылтықтарын тапқан.

Еске сала кетейік, Қырғызстанның бұрынғы президенті 8 тамызда арнайы операция кезінде ұсталды. 26 тамызға дейін тергеу абақтысында қамауда болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 ақпан

14 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде