Анасы 14 жастағы қызының жамбасын үлкейту үшін ота жасатпақ
Қызын ақымақ деп санаған анасы, пластикалық ота арқылы оны мінсіз сұлу жасамақ.
17:17 11.08.2019
Ернін, төсін үлкейтсе, нағыз сұлу болады дейді ол. Сол үшін британдық модель қызына пластикалық ота жасату үшін ақша жинап жатыр. 37 жастағы Карла Белуччи қызы Танишаны ақмақ санайды. Өмірде оның жетістікке жететініне сенбейді екен.
«Ол жақсы өмір сүруі үшін, ол мінсіз сұлу болу керек», – дейді модель Closer журналына берген сұхбатында.
Әйел ай сайын қызына жасанды шаш жасатуға, маникюр, қас бояуына кәдімгідей ақша жұмсайды екен. Айтуынша, қызына Кардашьянның фигурасы ұнайды. Ол қызы 16 жасқа келгенде оған Кардашьяндікіндей үлкен жамбас, ерін, төс жасатқызуды жоспарлап отыр.
«Егер бөл өмірде жетістікке жеткің келсе, әдемі болу керек. Таниша өзі былай да әдемі қыз. Бірақ пластикалық отадан кейін одан ары сұлу болады деп ойлаймын», – дейді қыздың анасы.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!