Белгілі қазақстандық журналист қайтыс болды
11 тамызда ұзаққа созылған ауыр науқастан қазақстандық белгілі журналист Сергей Алексеевич Борисов қайтыс болды.
12:21 12.08.2019
Бұл туралы оның қызы Дарья хабарлады. Сонымен қатар, Сергей Борисовтың қазасын фототілші Анатолий Устиненко Facebook желісіндегі парақшасында жазды. Ол журналист ұзақ уақыт бойы ауырғанын айтты.
Журналист Солтүстік флотта су асты кемесінде қызмет еткен. Кейін, "Магнитканы" жасау үшін Қазақстанға келді. Ол монтаждаушы болған. Өзінің әсерімен өлең жолдары және прозалық шығармалар арқылы бөлісіп отырған. Жазбалары мерзімді баслымдарда жарияланған. Қазақстанның құрметті журналисімен қоштасу 13 тамызда сағат 10:00-де Алматыдағы Дауренбеков көшесі, 26 мекен жайында өтеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!