Алдағы күндері күн суытып, бұршақ жауады
Синоптиктер елімізде 13-15 тамыз аралығында күн райы қандай болатынын айтты.
13:56 12.08.2019
Мамандардың болжамына қарағанда, солтүстікте күн суытады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК өкілдері.
"Мәскеу аумағынан келетін циклон және онымен байланысты фронталды жүйелердің шығыс бағытында жылжуымен жаңбыр, солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыста кей жерлерде қатты жаңбыр, республиканың басым бөлігінде найзағай және бұршақтың жаууы күтіледі", - делінген болжамда.
Сондай-ақ, еліміздің солтүстігінде күндізгі температура 35 градустық ыстықтан кейін 20-25 жылыға дейін төмендейді. Тек республикамыздың батысында және оңтүстік-батысында Каспий теңізі аймағынан келетін антициклонның ықпалымен айтарлықтай жауын-шашынсыз ауа райы болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!