{metadescription}
Қазақстандық таеквондошылар әлем чемпионатында 3 медаль алды

Қазақстандық таеквондошылар әлем чемпионатында 3 медаль алды

Ташкентте таеквондодан кадеттер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды.

Жарыстың соңғы күнінде қазақстандық спортшы тағы бір қола медальға ие болды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады. 37 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қазақстандық таеквондошы Әсел Әбубәкір үшінші орынды иеленді. Финалға жолдама беретін күресте ол Иран спортшысы Сальманиден жеңіліп қалды.

Осылайша, Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша, Қазақстан командасы үш медаль иеленді. 44 келі салмақта сынға түскен Айша Әділбекқызы финалға дейін барлық қарсыласын ұтып, ақтық бәсекеде ирандық спортшыға жол берді. Осылайша, Айша әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. 45 келіде бақ сынаған Сұлтан Байтұрсынов үздік бестік қатарына енді.

Жарыстың бірінші күнінде Айдана Сүндетбай қола жүлде жеңіп алған болатын. Чемпионатқа барлығы 60 елден 550 спортшы қатысты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде