Көк-Төбеде тағы өрт шықты
Көктөбенің қайта өртеніп жатқан видеоларын әлеуметтік желі қолданушылары желіге салып жатыр.
16:15 12.08.2019
ТЖД мәліметінше, өрт сағат 13.52-де басталған.
"Медеу ауданында шыққан өртті тағы сөндіріп жатыр. Нұрмағамбетов көшесінде 1 гектарға жуық аумақ өртке оранды. Оқиға орнына Алматы қалалық ТЖД өкілдері мен арнайы техника жұмылдырылды", - деп хабарлады Төтенше жағдай департаментіндегілер.
Еске салайық, 11 тамыз күні Алматыда Көктөбенің жанында бір бірімен байланысы жоқ екі өрт ошағы шықты. Екінші өртті сөндіру кезінде адамның денесі табылған. Өрттің неден шыққаны анықталуда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!