Алматы маңында тағы өрт
Алматы аумағында және Алматы облысының «Думан» шағын ауданында, сондай-ақ Талғар ауданының Бесағаш ауылында құрғақ шөп өртеніп жатыр.
08:02 14.08.2019
«Сағат 17.00-де Алматының Төтенше жағдайлар департаментіне Алматы облысының Талғар ауданы Бесағаш ауылында тау етегіндегі құрғақ шөп жанып (15 га) жатқаны туралы хабарлама түсті. Бұл учаске Алматы территориясымен - Думан шағынауданының Әбжаппаров көшесімен шектеседі. Жалынмен күреске Алматы облыстық ТЖД-ның 4 адамы мен 1 техникасы, жергілікті атқарушы орган мен Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Талғар филиалының 29 қызметкері мен 6 техникасы дереу жұмылдырылды. Өңір құтқарушыларына көмекке Алматы қалалық ТЖД-ның 45 адамы мен 9 техникасы аттандырылды. Алматының Құтқару қызметі су таситын 25 көлік жөнелтті», - деп мәлім етті Алматының Төтенше жағдайлар департаментінен.
Қазіргі уақытта барлық бағыт бойынша жалынның жеке секторға ауысу қаупі жоқ.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!