Алматыда сел жүрді: тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді
Алматы облысында Қарғалы бөгеті жарылып, Наурызбай ауданының кейбір жерін сел шайды.
09:31 14.08.2019
"14 тамызда Наурызбай ауданында сел тасқыны болды. Жергілікті тұрғындарды хабардар етіп үлгердік. Зардап шеккендерді қабылдайтын пункт пен адамдарды жинап қауіпсіз жерге көшіретін пунктілер белгіленді. Энергетика қызметтеріне электр қуаты мен газды өшіруге тапсырма берілді. Алматы қаласы бойынша ТЖ департаменті Карғалы өзенінің төменгі жағында орналасқан Әуезов және Алатау аудандарын хабардар етуде. Жақын жатқан елді мекендерге ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Қаланың барлық қызметі мобилизацияланды", - деді қалалық ТЖД.
Жақын маңдағы ауылдарда қауіпсіздік мақсатында жарық пен газ уақытша сөндірілген. Ведомство атап өткендей, қазір төтенше жағдай болған жерге жақын орналасқан ауылдардан тұрғындар көшіріліп жатыр.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қала билігі эвакуациялық бекеттер ұйымдастырған: Жандосов және Рысқұлов көшелері қиылысында бұрынғы әкімдік жанындағы №175 мектеп пен Жандосов және Яссауи көшелері қиылысында орналасқан №158 мектеп.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!