Қанатына құс кіріп кеткен ұшақ апатты жағдайда қонды
Ресейде Симферопольге ұшып бара жатқан ұшақтың қозғалтқыштары құс түсіп кетіп, тұтана бастағандықтан жақын жердегі әуежайға қонды.
12:56 15.08.2019
15 тамыз таңертең "Уральские" әуе жолының А-321 ұшағы Мәскеу облысы Жуковский әуежайының маңайына шұғыл қонуға мәжбүр болды. Себебі, ұшып бара жатқанда ұшақтың қозғалтқыштарынан өрт шықты.
Ресейлік әуе кеменің ішінде 234 жолаушы болды, оның ішінде 7-еуі экипаж мүшелері. Әуе тасымалдаушының бас директоры Сергей Скуратовтың айтуынша, ұшақтың екі қозғалтқышы да ішіне құс түсіп кеткендіктен істемей қалған.
"Келеңсіз жағдай Жуковский-Симферополь U6178 рейсінде орын алды. Жуковскийден ұшып бара жатқа уақытта ұшақтың қозғалтқыштарында құстар соқтығысқан. Соның салдарынан ұшақ апатты жағдайда қонды. Жолаушылар мен экипаж мүшелері зардап шеккен жоқ", - деп хабарлады "Уральских авиалиний" компаниясының баспасөз қызметі.
Зардап шеккендер туралы ақпарат әлі анықталу үстінде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!