{metadescription}
Атыс болып, 6 полицей жараланды

Атыс болып, 6 полицей жараланды

Американың Филадельфия қаласында атыс болып, 6 полицей оққа ұшырады.

Сәрсенбі күні Филадельфияның солтүстік бөлігінде атыс болып, 6 полиция қызметкері жарақат алды. Олар кейін үйлеріне жіберілді. Олардың өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.

Полиция 4:30 шамасында есірткі саудагерлерін тұтқынға алу операциясы кезінде үйге кірген. Белгісіз адам оқ ата бастаған сәтте полицейлер ас үйде болған. Көпшілігі қашуға әрекет етпек болып, терезеден секірген және есіктен қашқан. Комиссардың айтуынша, ер адам терезеден оқ атуын тоқтатпаған. Филадельфия полициясы сержанты Эрик Грипп Twitter-де күдіктінің ұсталғанын жазды. Арнайы жасақ бөлімшесі үйдің ішінде жүр.

Полицияның хабарлауынша, олар Филадельфиядағы үйлердің бірінің ішіне тығылған қарулы ер адаммен келіссөз жүргізген. Оның қорғаушысы мен комиссар Ричард Посс күдіктімен телефон арқылы хабарласып, полиция еш зиян тигізбейтінін жеткізбек болған.

«Біз оның жараланғанын немесе жараланбағанын білмейміз. Сөйлескен кезде жарақат алмағандай болып көрінді. Алайда күмәнім бар», - деді Ричард Посс.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

24 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде