{metadescription}
Астана су арнасының бұрынғы бас директоры 7 жылға сотталды

Астана су арнасының бұрынғы бас директоры 7 жылға сотталды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қалалық департаменті «Астана су арнасы» РМК бұрынғы бас директоры В.Досаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу шараларын мерзімінен бұрын аяқтады.

Жемқорлыққа қарсы қызмет таратқан мәліметтерге қарағанда, Досаев мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның бас директоры болып жұмыс істеп жүрген кезінде қарамағандағы қызметкер арқылы «Технополисжилстрой» ЖШС-нің басшысынан «Жас отбасы-2» тұрғын үй кешенінен 3 бөлмелі пәтер және 60 мың доллар көлеміндегі параны жылжымайтын мүлікті ЖШС-ге беру қосымша келісімшартын жасағаны үшін алған.

14 тамызда Нұр-Сұлтан қаласындағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот үкім шығарып, Досаевты 7 жылға соттады. Ол жазасын төмен деңгейдегі қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Сондай-ақ Досаев өмір бойына мемлекеттік қызметте еңбек ету құқығынан айырылды.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде