{metadescription}
Дәрігерлер аз ұйқының қауіпті тұстарын атады

Дәрігерлер аз ұйқының қауіпті тұстарын атады

Түнде алты сағаттан аз ұйықтайтын адамдарда жүректің ишемиялық ауруының даму қаупі жоғары.

Бұл туралы арнайы зерттеу жүргізген медицина профессоры Пол Гринграс айтты. Зерттеуге Ұлыбританиядан екі мың ересек адам қатысқан. Ғалымдар олардың 44 пайызы тәулігіне алты сағаттан аз ұйықтайтынын анықтады. Эксперимент қатысушыларының тек 17 проценті күніне сегіз сағат ұйықтайтынын айтқан.

Гринграстың айтуынша, түнде алты сағаттан аз ұйықтайтын адамдарда жүректің ишемиялық ауруы ғана емес, инсульт қаупі де 60 процентке жоғары болады. Сондай-ақ оларда қан қысымы және холестерин мөлшері де жоғары болған.

Маманның пікірінше, бір түндік нашар ұйқы артық салмақ жинауға, бұлшық ет массасын жоғалтуға және мидағы есте сақтау қабілетіне де әсер етеді. Ғалым спортпен шұғылдану сияқты дене белсенділігі адам денсаулығына қажет екенін атап өтті. Оның айтуынша, адамдардың 85 проценті дене жаттығуларын орындағаннан кейін ұйқысының түзелгенін байқаған.

Дереккөз: Baq.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде