Марқұмды қызметтік киімі үшін қабірден қайта қазып алған
Кенияда қайтыс болып, жерленген адамның үстінен қызметтік киімін шешіп алу үшін, мүрдесін қабірден қазып алды.
15:39 15.08.2019
The Daily Nation жергілікті газетінің мәліметінше, 31 жастағы Мартин Сикуку Алукое өзенге батып кетіп, оны 11 тамызда жерлеген. Ертесі күні ол жұмыс істеген ұйымның өкілдері марқұмның отбасына келіп, олардан қызметтік киімді қайтаруды талап етіпті. Алайда туыстары марқұмды қызметтік киімімен жерлегенін айтыпты.
Сол кезде Какамега округінің билігі марқұмды қазып, үстіндегі киімін қайтып алуды талап етеді. Мемлекеттегі заң бойынша, әкімшілік мүрдені қайта қазып алу үшін, соттың рұқсатын алуы тиіс. Алайда олар жоғары инстанцияларға жүгінбестен және марқұмның отбасының қарсылығына қарамастан бұйрықты орындап, мүрдені қабірден қазып алыпты.
Марқұмның ағасы Фрэнсис Мутамба офицерлердің «ата-бабасының жерінің» заңын тәрк етіп, қызметтік киім үшін мәйітті қазып алғанына наразы. Ол Какамега округінің билігі жерлеу рәсімінде болғанын және сол кезде марқұмның қызметтік киіммен жерленуіне қарсы болмағанын айтады. Нәтижесінде марқұмға басқа киім кигізіп, қызметтік киімді алып кеткен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!