{metadescription}
Қыздың туыстары оған ғашық жігітті көміп тастамақ болды

Қыздың туыстары оған ғашық жігітті көміп тастамақ болды

Тәжікстанда қыздың туыстары оған ғашық жігітті ұрып-соғып, тірідей көміп тастамақ болды.

Артынша жігіт өзіне қол жұмсаған. Турсунзаде қаласының маңындағы елді-мекенде 23 жастағы жігіт көрші ауылда тұратын қызға ғашық болып қалған. Артынша қыз жігітті түнгі кездесуге шақырыпты. 

Алайда қыздың әкесі мен ағалары ғашықтардың үстінен түскен. Олар жігітті арматурамен ұрып-соғады. Мұнан кейін жерді қазып, шұңқырға жігітті лақтырып, мойнына дейін көміп тастапты. Ер адамдар одан қызға үйленуін талап етіп, келіспеген жағдайда тірідей көметіндерін айтып қорқытқан. 

Өз өмірі үшін қорыққан жігіт үйленуге келісімін береді. Алайда үйіне қайтып келгеннен кейін асылып қалған. Қазіргі уақытта тергеу органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

24 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде