Ақтөбеде дүкеншіні өлтіріп кетті
Қарғалы ауданының орталығы Бадамшада дүкен сатушысын өлтіріп кетті.
15:10 16.08.2019
Күдіктілер ұсталды. Оқиға 14 тамыз күні болды. Бадамша ауылындағы азық-түлік дүкенінің сатушысы бірнеше жерінен пышақ жарақатын алып, оқиға орнында қаза болған.
«Жедел іздестіру нәтижесінде Хромтау қаласында екі күдікті ұсталды. Олардың бірі сол қаланың тұрғыны болса, екіншісі Бадамша ауылының азаматы. Қазір екеуі де қамауға алынды. Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабымен іс қозғалып, сот алды тергеу жұмыстары жүріп жатыр», - деді облыстық ПБ баспасөз жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!