Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер 17-19 тамыз аралығына ауа райы болжамын жасады.
20:00 16.08.2019
Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен алдағы үш тәулікте Қазақстанның солтүстігінде, орталығында, шығысында және оңтүстік-шығысында тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады, шығыс бөлікте кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, найзағай, желдің күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.
Республиканың батыс, солтүстік-батыс және оңтүстігіне Архангельск ауданынан антициклон әсерін тигізіп, соның ықпалынан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, ауа температурасы біртіндеп 30…41°С дейін жоғарылайды.
Дереккөз: Қазгидромет
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!