{metadescription}
Алматыда мысықтардың басын шапқан ер адам өзіне қол жұмсады

Алматыда мысықтардың басын шапқан ер адам өзіне қол жұмсады

Алматыда жануарларға деген қатыгездігімен танылған Роман Чекмарев есімді тұрғын суицид жасады.

Белгілі болғандай, ер адам 6 тамызда өзіне қол салған. Полиция оның өлімін растады. 

«Оның өлімі тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелді. Чекмарев суицид жасаған», - дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер. 

Бұған дейін ер адамның үйі өртеніп кеткен еді. Өткен жылдың қыркүйек айында ер адам Вконтакте желісінде мысықтардың шабылған басы түсірілген видеоны жариялап, желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Видеода Карина есімді қызға үндеу жасаған Чекмарев неліктен мысықтарға мұндай сұмдық әрекет жасағанын түсіндірмек болады. Артынша ер адам полицейлердің тарапына бейәдеп сөздер айтқан. Мұнан кейін аталған видеожазба өшірілді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде