Тоқаев жаңа еңбек министрін тағайындады
Біржан Нұрымбетов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.
01:03 21.08.2019
"Біржан Бидайбекұлы Нұрымбетов Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалсын", - делінген жарлықта.
Бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін Бердібек Сапарбаев басқарған болатын.
Біржан Нұрымбетов 1968 жылы 19 наурызда Жамбыл облысы Луговой ауданы Абай ауылында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің "Механика және қолданбалы математика" факультетін, сондай-ақ, Алматы экономика және статистика академиясының "Қаржы" факультетін тәмамдаған.
1993-1996 жылдары – Жамбыл қаласы салық инспекциясы бөлімінің басшысы, салық инспекторы;
1996 жылы – Жамбыл облысы әкімі бірінші орынбасарының кеңесшісі;
1997 жылы – Жамбыл облысы әкімі аппаратының сектор меңгерушісі;
1997-2008 жылдары – "Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы" Жамбыл облыстық филиалының директоры;
2008-2009 жылдары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы;
2009-2012 жылдары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;
2012-2015 жылдары – премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары;
2015-2017 жылдары – денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі;
2017 жылдың қаңтарынан 2017 жылдың қарашасына дейін – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;
2017 жылдың қарашасынан Қазақстан кәсіподақтары федерациясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.
Отбасы
Үйленген, әйелі Айжан Сәрсенбекқызы Оспанова. Балалары Сағи Нұрымбет және Санжар Бидайбек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!