Головкин әлем чемпионы атағына таласады
Әлемнің экс-чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин өзінің титул үшін айқасатындығын ресми жариялады.
08:41 22.08.2019
«5 қазанда өте тамаша жекпе-жек болады. Әрқашан рингке шыққан сайын мен өз фанаттарым көргісі келетін айқас өткізуге тырысамын. «Big Drama Show» рингке қайта оралатын болады», - деп жазды Головкин өзінің Twitter-аккаунтында.
Жекпе-жек қазан айында Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында өтеді. Осы жекпе-жекте жеңіске жеткен боксшы орта салмақтағы IBF (International Boxing Federation) тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын иеленеді.
37 жастағы Геннадий Головкин кәсіпқой бокста 41 жекпе-жекке шыққан. 39 кездесуде жеңіп, біреуінде тең түсіп, біреуінде жеңілген. Боксшы 2018 жылы қыркүйекте мексикалық Сауль Альварестен жеңіліп, орта салмақта (72,6 кг) WBA, WBC, IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағынан айырылған. Ал 33 жастағы Деревянченко 14 кездесудің 13-ін жеңіп, біреуінде жеңілген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!