{metadescription}
Алматыда дәмхана өртенді

Алматыда дәмхана өртенді

Алматыда дәмханадан шыққан өртті сөндіруге 36 адам және 12 техника жұмылдырылды.

Өрт 22 тамызда таңғы уақытта шыққан. Куәгерлердің айтуынша, аумақта жағымсыз күйінді иісі шыққан, өрттің қара түтіні алыстан көрінеді. Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің «101» пультіне Брусиловскиий көшесіндегі № 134 үйден хабарлама сағат 8:36 түсті.

Болжам бойынша «Пазанда» атты екі қабатты дәмхананың шатыры өртке оранған. Қазір өрт толық сөндірілді. Тілсіз жаумен кұреске 36 адам және 12 техника жұмылдырылды.

Айта кетейік, Оралда 5 жасар баланы өртеп жіберген болатын. 2012 жылы дүниеге келген бала ауруханаға термиялық күйікпен түскен.
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде