Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті өртенді
Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия факультеті ғимаратының жертөлесінен өрт шықты.
15:13 22.08.2019
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің «101» пультіне 13:31 Бостандық ауданы, әл-Фараби даңғылы, 71 мекенжай бойынша жертөледен шыққан түтін туралы хабарлама түсті.
Университет әкімшілігі жертөледе бояулар мен кеңсе тауарлары сақталғанын жеткізді. 20 оқытушы өз бетінше қауіпсіз жерге шыққан. Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта өрт ауыздықталған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!