Шымкентте бекет қызметкерінің жанармай ұрлаған сәті әшкере болды
Бекеттің бірінің қызметкерінің бензин ұрлап жатқан сәті камераға түсіп қалды.
15:48 22.08.2019
Видеода көрсетілгендей жанармай құюшы көлікке құяр алдында бөтелкеге жанармайды құйып алады. Осылайша жанармайды толық құймай, жүргізушінің есебінен май үнемдейді.
Видеоға қосымша жазбада бұл Гелиосқа тиесілі жанар-жағармай құю бекеті екендігі айтылған. "Гелиос" компаниясындағылар осы оқиғаға қатысты түсінік берді. Олар бұл ақпаратты растап, оның Шымкен қаласындағы жанар-жағармай құю бекетінде болғанын айтты.
«Ол жігіт бір ай бұрын сол араға жұмысқа алынған, яғни 2019 жылдың шілдесінен бастап. Ұрлық фактісі анықталғаннан кейін, видеодағы дәйекпен ол жұмыстан қуылды. Атап айтқанда, Еңбек кодексінің 52-бабы, 1-бөлімі, 12 тармағы, яғни «Жұмыс беруші тараптың сенімінен шығып қалу» бойынша. Қазіргі уақытта материалдарды тиісті органдарға жолдау үшін дәлелдер жинастырылуда. Істің барлық мән-жайы анықталғаннан кейін құзырлы органдар тиісті шаралар қолданады. Біз орын алған бұл ыңғайсыз жайт үшін қатты өкініп, осындай қателіктерге болашақта жол бермес үшін бірқатар шаралар қабылдаудамыз», - делінеді компания жауабында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!