{metadescription}
Депутат әйелін балаларының көзінше атып өлтірді

Депутат әйелін балаларының көзінше атып өлтірді

Ресейдің Челябинскі облысында бір депутат үш баласының көзінше әйелін атып тастады.

Қайғылы оқиға 21 тамызға қараған түні болған. Депутат қызметінде жүрген Азат Зарипов әйелі Еленаны балаларының көзінше өлтірген. Ер адам құқық қорғау органдары өкілдеріне отбасында осыдан екі ай бұрын жанжал шыққанын айтқан. Айтуынша, әйелі Интернетте басқа ер адаммен жазысқан. Осылайша, ақырында Зарипов әйелі көзіне шөп салғанын мойындаған соң оны айуандықпен өлтірген.

Ер адам ішімдік ішкен соң әйеліне оқ атқанын мойындаған. Зарипов ұсталды, оның үстінен "Кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Өңірдегі бала құқығы жөніндегі уәкіл Ирина Буторина қазір Зариповтың балалары әжесімен бірге екенін, әжесі немерелерін өз қамқорлығына алу үшін құжаттарды жинауға кірісіп кеткенін айтты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде