Күйеуі әйелін қызғаныштан пышақтап өлтірді
Әйелдің артында екі кішкентай баласы қалды.
16:48 22.08.2019
Өзбекстанда қызғаншақ ер адам әйелін аса қатыгездікпен өлтірді. Күйеуі әйелін 19 рет пышақтаған.
"Алдын ала мәліметке сәйкес, күйеуі әйелі көзіне шөп салды деп күдіктенген. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілді. Алайда оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады", - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды. Ер адам ұсталды. Әйелдің екі кішкентай баласы қалды. Үлкені – төртте, кішісі бір жаста.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!