Ғалымдар ағза үшін ең қауіпті әдетті атады
Ғалымдар ағзаға зиян келтіретін әдеттерді атады.
13:14 25.08.2019
Адамның дені сау болуының кем дегенде 75 проценті ұстанатын өмір салтына байланысты. Ұзақ уақыт бойы отыру ағзаға кері әсерін тигізуі мүмкін. Канадалық ғалымдардың зерттеу нәтижесі ұзақ отырған адамдарда ішек, омырау, өкпе және қуықасты безінің қатерлі ісігіне шалдығу қаупі жоғары екенін дәлелдеді. Сондықтан мамандар ара-тұра гимнастика жасауды ұмытпауға кеңес береді.
Сондай-ақ, жағымсыз әдет қатарында жануар ақуызы бар өнімдерді жиі тұтыну да еніп отыр. Оған ет, ірімшік өнімдері жатады. Оңтүстік Калифорния университетінің ғалымдары жануар ақуызы бар тағамды көп жейтіндер өзгелерге қарағанда қатерлі ісіктен төрт есе жиі көз жұматынын дәлелдеді.
Газ плитаны қолдану да қауіпті болып шықты. Өйткені көміртек тотығы, азоттың қостотығы және формальдегид бөлінеді. Бұл темекі шегумен бірдей.
Сондай-ақ, дәрігерлер дәретханаға гаджетпен бірге бармау керек екенін айтады. Қолында смартфоны бар адам, байқамай, ұзақ уақыт бойы отыра береді. Сондықтан жамбас қуысына салмақ түседі. Салдарынан түрл жарық ауруы (грыжа), ішектің қабынуы, тіпті жүрек ұстамасы болуы мүмкін.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!