{metadescription}
Қазақстан қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионатында 7 алтын алды

Қазақстан қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионатында 7 алтын алды

Алматыда жасөспірімдер арасында қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионаты аяқталды.

Турнир Қазақстан қорғаныс министрлігі мен Бүкілқазақстан қоян-қолтық ұрыс қауымдастығы басшылығымен өтті.  Салтанатты іс-шараның жабылуына Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабының бастығы, генерал-майор Мұрат Бектенов қатысты.

Медальдар саны бойынша турнирдің алғашқы үштігіне Ресей, Қазақстан және Өзбекстан командасының спортшылары кірді. Жалпы қазақстандық жасөспірімдер 7 алтын, 18 күміс және 47 қола жүлде иеленді. Турнирге жеті елден – Қазақстан, Армения, Қырғызстан, Ресей, Словакия, Тәжікстан мен Өзбекстаннан 14-21 жас аралығындағы 200 жасөспірім мен қыздар қатысты.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

24 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.