Сүйіктісіне ұсыныс жасаған жігіт ұятқа қалды
АҚШ-та жігіт сегіз жылдан соң сүйіктісіне ұсыныс жасап, жұртқа масқара болды.
13:21 29.08.2019
Суреттің сипаттамасында желі қолданушысы 8 жыл бойы кездесіп, тұрмыс құруды жоспарлап жүрген жігітінің бұл сыйлыққа ұзақ уақыт бойы ақша жинағанын жазды. Суретте жүзіктің жіңішке алтынмен оратылғаны және кішкентай гауһар тасы бар екені байқалады.
"Мен дүниеқұмар емеспін. Бірақ жүзік өте кішкентай, өзі жиіркенішті көрінеді деп ойлаймын", - деп жазады қыз.
Желі қолданушыларының көбісі қызды қолдап пікірлерін білдірді. Егер маған мұндай жүзік сыйласа, ұсыныстан бас тартар едім деп жазды қыздардың бірі. Мұндай маңызды сыйлықты жауапкершілікпен таңдамаған жігіт өмірде де жауапсыз болады дейді олар. Ал жігіттер болса, қыздар үшін отбасын құрып, бақытты болудан гөрі қымбат сыйлық алу маңызды деген қорытынды жасаған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!