{metadescription}
Ақтөбе облысында көлік аударылып, бір адам көз жұмды

Ақтөбе облысында көлік аударылып, бір адам көз жұмды

Самара-Шымкент тасжолында жеңіл көлік аударылып, жеті адам ауруханаға түсті.

Жол-көлік оқиғасы таңғы сағат 7:30-де «Самара – Шымкент" тас жолының 1053-ші шақырымында болған.

Жол апатына түскен «Тойота Альфард» жеңіл көлігінде сегіз Қырғызстан азаматы болған. Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған. Салдарынан көлік аударылып, оқиға орнында бір жолаушы көз жұмды. Тағы алты жолаушы мен жүргізуші Ырғыз аудандық ауруханасына жеткізілді. Бәрі Қырғызстан азаматы.

«Қазір жол-көлік апаты кезінде зардап шеккен азаматтар ауруханаға жеткізілді. Тергеу басталды. Облыстық полиция департаменті шетел азаматтарына жол ережесін сақтауды ескертеді. Себебі ірі халықаралық тасжолда жиі жол апаты тіркелді. Мәселен, 26 тамызта Самара-Шымкент тасжолында «Лада-21703» көлігі жүк машинасымен соқтығысып қалды. Нәтижесінде жеңіл көліктің 22 жастағы жүргізушісі ауруханада көз жұмды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, Қырғызстан көлігі аударылып қалған Қалыбай ауылы маңында өткен жылы 52 Өзбекстан азаматы жанып кеткен болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде